Жасанды көгалмен бірге көкке қаңбақша ұшқан балалардың бірі - 8, екіншісі - 9 жаста. Кішісі бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның иығы сынып, бас сүйегіне зақым келіпті. Ал екіншісі балалар ауруханасына жеткізілді. Оның да миы шайқалып, денесі сырылған, деп хабарлайды КТК.
Балалардың обалына қалған жасанды көгал әлі дұрыстап бекітілмеген болып шықты. Бұл туралы қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, аталған оқиғаға қатысты есеп берді.
"Бұл жасанды көгалды жаюмен мердігер ұйым өткен аптадан бастап айналыса бастаған еді. Ол периметрі бойынша ғана бекітілген, бірақ пайдалануға берілмеген, себебі ойын элементтерін орнату керек болатын. Ата-аналардан осындай ауа-райында балаларды қараусыз қалдырмауын сұраймын! Аудандардың екі әкіміне барлық балалар алаңдары мен көгалдардың бекітілуін тексеруді тапсырдым". Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов
Айта кетсек, Астанада қатты жел салдарынан құлаған кран екіншісін де іліп кеткені хабарланған болатын.