Қайрат Нұртастың концертінде үш адамның мерт болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Микрофон, Шымкент, концерт, Қайрат Нұртас, кісі өлімі, фейк, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2026 11:38 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желілерде 10 қазанда Шымкент қаласында өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде көптеген адам зардап шегіп, бірнеше азамат көз жұмды деген ақпарат таралуда. Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 11 қазанда Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы (JAQ) хабарлады:

"Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың 10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде 8 адам медициналық көмекке жүгінген. Медициналық тексеруден кейін олардың бірінен басқасы үйлеріне жіберілген. 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде, жағдайы мамандардың бақылауында".

Сонымен қатар Шымкент қаласының полиция департаменті концерт өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаған болатын. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын жарияланым жасамас бұрын олардың анық-қанығын тексеруге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырады. Әсіресе азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты оқиғаларды жариялау кезінде жауапкершілік таныту маңызды. Өйткені шындыққа сәйкес келмейтін хабарламалар қоғамда негізсіз алаңдаушылық туғызуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: