Алаяқтар вайнер Серғазы Тоқтарбектің атынан қазақстандықтарды тағы да алдап жатыр

Сурет: Instagram/sekavines
Қазнетте кадрда Серғазы Тоқтарбек бар тез табыс табуға уәде берілгенн бейнеролик тарады. Вайнердің өзі бұл алаяқтардың ісі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның танымал вайнері Серғазы Тоқтарбек Қазнетте тарап жатқан видео алаяқтардың ісі екенін ескертті. Бұл туралы Stopfake.kz 21 маусымда хабарлады.

Серғазы Тоқтарбектің өзі бұл видеоға және жылдам ақша табуға еш қатысы жоқ екенін баса айтты. Ол осыған ұқсас бейнероликтердің бұрын Қазнетте пайда болғанын еске салды.

"Достар, мен қатысқан жарнаманы көрсеңіздер, дереу арыз жазыңыздар! Олар - алаяқтар! Бұған алданып қалмаңыздар!", - деп ескертті вайнер Instagram-дағы парақшасында.

Алаяқтар Серғазы Тоқтарбектің есімін бірінші рет пайдаланып отырған жоқ. Ақпан айында Қазнетте кадрда вайнер бар тағы бір жылдам ақша табу жолын жарнамалаған бейнеролик тараған.  Бейнежазбаны жасау үшін Deepfake технологиясы қолданылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты