Жасанды көгал: Қарағандыда дауыл кезінде зардап шеккен екі баланың біріне ота жасалды

Сурет: видеодан алынды
Қарағандыда жасанды көгалды қатты дауыл көтеріп кетіп, зардап шеккендердің бірі - 8 жастағы балаға ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлер қазір Дияр Құрманғазыұлының жағдайы ауыр деп отыр. Биыл екінші сыныпты бітірген бала таэквондомен айналысқан екен. Ал онымен бірге болған тоғыз жастағы тағы бір жеткіншектің миы шайқалып, ішек жолдарына зақым келіпті. Оның жағдайы қалыпты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Реанимотолог, аннестезиолог, балалар ортопеді бірігіп, баланың бірнеше жеріне ота жасады. Жағына, иығына металл біздері қойылды. Жалпы, 8 жастағы ауыр жарақат алған баланың жағдайын алаңдатарлық деп бағалап отырмыз", – деді Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың ахуалдық орталық басшысы Ерік Шонбаев.

Айта кетсек, оқыс оқиға осыдан үш күн бұрын тұрғын үй аулаларының бірінде болған. Түс қайта тұрған қатты дауыл ойын алаңындағы жабындыны үстіндегі екі баламен қоса жұлып түсірген. Жеткіншектер бірнеше метр жерге ұшып, асфальт үстіне құлаған еді.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды