Тараз тұрғынын төрт адам интимдік видео арқылы бопсалаған

Сурет: Жамбыл облысы Полиция департаменті
Төрт ер адам Тараз қаласының тұрғынын оның беделін түсіретіндей видеосын жариялаймыз деп қорқытқан. Кейін олар жарияламаймыз деп, тұрғыннан 990 000 теңге алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тараз полициясына 24 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау туралы арызбен жүгінген. Ол бопсалаушылардың 990 мың теңге төлеуге мәжбүрлегенін айтқан. Әйтпесе, оның қатысуымен интимдік сипаттағы компроматты жариялаймыз деп қорқытқан.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 2-бөлігі («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастады. Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» ПСН-мен бірлесіп, күдіктілерді анықтап, кінәсін мойындаған төрт азаматты ұстады.

Екі күдікті Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына жіберілді, қалған екеуі үйқамаққа алынды. Ұсталғандардың бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір полицейлер қажет жедел-іздестіру шарасын жасап, істің мән-жайын анықтап жатыр.

22 маусым күні Қостанайда бір топ бопсалаушының ұсталғаны белгілі болды. Олар бос желеумен жергілікті тұрғыннан 6 миллион теңге талап еткен.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі