Киік атқан браконьер ұсталды

Сурет: wikimedia
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қорғалжында киік атқан адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 маусымда «Сапсан» жедел тобы мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары кезекті рейд барысында Қорғалжын қорығының аумағына іргелес Қызылкөл көлінің жанынан «Нива» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Автокөлік жүргізушісінің Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғыны екені анықталды.


"Көлікті тінту барысында салоннан киік ұшасының бөліктері табылған. Оқиға орнына бірден Қорғалжын ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Аталған факт СДТТБТ-де тіркеліп, тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін