ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың 26 маусымында Қарағанды облысы Нұра ауданы Қайнар ауылынан батысқа қарай 20 шақырым жердегі Құлан өзенінен барлығы 86 бас киік лақтарының өлексесі табылды.
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz
Аталған факт "Охотзоопром" ӨБ" Орталық өңірлік филиалының Қарағанды тірек пунктінің инспекторлары сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларды және киікті қорғау бойынша Қарағанды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, сондай-ақ Табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар жүргізу барысында анықталған.
"Жануарлардың өлекселері бұзыла бастағандықтан олардың жынысын анықтау мүмкіндігі болмады, сондай-ақ терінің жоғарғы қабатында оқ іздері табылмады (қылмыстық іздер жоқ). Киік өлекселері судан алынып, арнайы полигонға апарылып, жойылды. Өлімнің себебі - өзеннен өту кезінде суға бату", делінген ведомство хабарламасында.