Алматы облысының тұрғыны қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды сақтады деген күдікке ілінді

Сурет: Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Алматы облысының тұрғынынан қару тәркіленді. Алдын ала болжам бойынша, ол оны қаңтар оқиғасы кезінде қолды қылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының полиция департаментіне 26 маусымда қару мен оқ-дәрілер сақтап отырған белгісіз ер адам жөнінде жедел ақпарат келіп түскен.

Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары кезінде күдікті анықталып, ұсталды. Талғар ауданы Ардала ауылының маңынан төрт түрлі калибрлі қару табылып, тәркіленді. Бұл факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі ("Заңсыз қару сақтау") бойынша тіркелді.Алматы облысының полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов

Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

2023 жылғы 26 маусым күні қаңтар оқиғасы кезінде адамдарға оқ атқан әскери қызметкер 7 жылға сотталды.


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі