Талдықорғанда зейнеткерлер алаяқтарға 4,5 миллион теңге берген

Сурет: Zakon.kz
Талдықорғанда алаяқтар екі зейнеткердің жиған-терген ақшасын алдап алып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, алаяқтар егде жастағы әйелдерге телефон соғып, өзін тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, қызы біреуді қағып кетті деп мәлімдеген.

Сонан соң "полицейлер" көлік қаққан адамды емдеуге және "мәселені шешуге" ақша қажет екенін айтқан.

Олар 5 миллион талап еткен. Зәресі қалмаған зейнеткерлер бар жиған-тергенін беруге келіскен. Жәбірленушілердің бірі алаяқтарға 3,5 миллион теңге берсе, екіншісі 1 миллион теңге берген.

Екі факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін