Алматыда бес көлік бір-біріне соғылды

Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Райымбек даңғылында Емцов пен Өтеген батыр көшелерінің арасында жол апаты салдарынан бес бірдей көлік соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Hyundai Sonata көлігі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші жолаушыны түсіріп, екінші қатардан кері бұрылмақ болған.

Бұл кезде Lexus көлігі даңғыл бойымен кері қарай кетіп бара жатқан, оның соңын ала Daewoo Nexia және Mercedes келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Daewoo Nexia мен Hyundai соқтығысқан. Mercedes қатты жылдамдықпен келе жатып Nexia-ға соғылған. Nexia екпінмен жаяужолға шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Сурет: Zakon.kz


Hyundai жолда айналып барып, Lexus-ке, сонан соң Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz

Жол апатынан Daewoo Nexia жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.


Айта кетейік, Hyundai Sonata иесінің айтуынша, ол көлікті салоннан несиеге алған және айдап жүргеніне екі ай ғана болған.

Сурет: Zakon.kz

Қазір оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр.

Сурет: Zakon.kz


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды