Шығыс Қазақстан облысында таудағы өрт оқшауланды

Сурет: freepik
2 шілдеде Ұлан ауданындағы Приморск орманшылығындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрттің оқшауланған нақты уақыты - 11.30.

"Орманшылардың, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен әрекеті арқасында таулы жердегі өрт оқшауланды. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өрт толығымен сөнуі үшін орманшылар мен өрт сөндірушілер құрамындағы 24 адам мен 4 техника оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. 

Айта кетсек, 1 шілдеде Ұлан ауданындағы Приморск орманшылығындағы таулы жерде өрт шықты. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жартасты жерде шамамен 0,7 гектар аумақта қураған шөп өртенген.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз