Павлодарда "Қазпошта" филиалы директорының орынбасары сотталды

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда "Қазпошта" облыстық филиалы директорының орынбасары сотталды. Бұл туралы Zakon.kz Павлодар сотының баспасөз қызметіне cілтеме жасап, хабарлайды.

Таратылған хабарламада 2023 жылғы 5 шілдеде Павлодар қаласының №2 соты "Қазпочта" АҚ облыстық филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасарына қатысты оның ақша түріндегі пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі қарағаны айтылған. 

Сот анықтағандай, 2023 жылдың қаңтарында "Қазпочта" АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары заңсыз баю мақсатында азаматқа автокөлiк басқармасының аумағында орналасқан автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша атқарылған жұмысты кедергісіз қабылдағаны үшін ақшалай сыйақы аударуды ұсынған.

Артынша күдікті 2 миллион теңге пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Қорғаушы жеңілдететін мән-жайларды ескеруді сұрады.

"Жауапты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, жас балалардың болуын, 3-топтағы мүгедектігін, алғаш рет қылмыстық құқық бұзушылық жасауын ескере отырып, сот орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады".Павлодар сотының баспасөз қызметі

Сонымен қатар сотталған азамат өмір бойына мемлекеттік қызметте, судьяларда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және тағы басқа лауазымдарды атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен бірге 2023 жылдың 5 шілдесінде мамандандырылған ауданаралық сот Өскеменде қызды ұрып-соққан кәмелетке толмаған сотталушыларға қатысты үкім шығарды.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды