Қызылорда облысында кене шаққан екі адам қайтыс болды

Сурет: primeminister.kz
Қызылорда облысының екі ауданының тұрғынын кене шағып, конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырды. Ауру өлімге әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауруханаға Жаңақорған ауданынан 77 жастағы ер адам, Шиелі ауданынан 51 жастағы ер адам жеткізілді. Ауруханаға келгенде екеуінің де жағдайы ауыр болған. Бұл туралы 24kz жазды.

Кейін екі науқас қайтыс болды. Оларға Конго-қырым геморрагиялық қызбасы диагнозы қойылды.

"Әр жағдайды тіркеген кезде 12 сағат ішінде жеке аумақтарды, мал қоралары мен жануарларды дезинфекциялау жүргізіледі. Барлық байланыста болған адамдар 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Жалпы үш ай - мамыр, маусым, шілде кененің қауіпті түрлерінің белсенді болатын уақыты. Сондықтан облыс тұрғындарын сақтық шараларын орындап, шаққан жағдайда дереу дәрігерге қаралуын сұраймыз".Қызылорда облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова

Бұған дейін Таиландтан келген 37 жастағы павлодарлық денге безгегін сол жақтан жұқтырып келген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ол инфекцияны маса шағуы арқылы жұқтырған.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін