MAЭК-те энергоблок қайтадан істен шықты

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
7 шілде күні 17.31-де ЖЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт өсуіне байланысты №1 энергоблоктың (жүктеме 133 МВт) жұмысы тоқтатылды.

4 шілдеде сағат 21:50-де № 1 энергоблогы салқындағаннан кейін жөндеу басталды. Жөндеу тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді. 6 шілдеде "МАЭК" ЖШС ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталып, сағат 05.51-де энергоблок жұмысқа қосылды.

"Жөндеу сапалы жасалғанымен 6 шілде күні сағат 17.33-те ЖЭС-те №1 энергоблокта тағы да мәжбүрлі тоқтау болды. Қазір ЖЭС персоналы энергия блогын жөндеу үшін дайындықты жүргізіп жатыр. Маңғыстау облысының тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтауда, сонымен қатар елді мекендерді сумен жабдықтауда шектеулер жоқ. Жөндеу жұмыстарын 9 шілде сағат 24.00-ге дейін жүргізуге шұғыл өтінім берілді", - делінген "МАЭК" ЖШС баспасөз қызметі хабарламасында.

Жөндеу 8 шілде 00.00-ден кейін бастау жоспарланып отыр. Себебі энергия блогының қазандығын салқындату үшін 24 сағаттан астам уақыт қажет.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі