Атырау облысында балықтар қырылып, арнайы комиссия құрылды

Сурет: Facebook/ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті
ҚР Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі Атырау облысы Миялы ауданындағы Ойыл өзенінде балықтардың қырылу фактісін тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.


"2023 жылғы 7 шілдеде сағат 23-00 шамасында Атырау облысының Миялы ауданындағы Ойыл өзенінде балықтардың қырылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2023 жылғы 8 шілдеде Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасарынан және инспекция, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын комиссия құрылды". ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті

Аталған комиссия оқиға орнына аттанып кеткені де нақтыланады.

Сондай-ақ қосымша ақпарат кейінірек берілетіні де хабарланады.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін