Атырау облысында қызыл жалын қамысты алқаптың 690 гектарын жалмаған

Сурет: ҚР ТЖМ
Атырау облысында қамысты алқаптағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. 9 шілдеде сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша, Атырау облысындағы қамысты алқаптың қызыл жалын шарпыған ауданы 690 гектарды құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін, 9 шілдеде ҚР ТЖМ "Казавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағының көмегімен 11 рет су төгу жұмыстары жүргізілді. От ошағын жою жұмыстары жалғасуда. Қамыс өртін жоюға Атырау облысы ТЖД , "Ақжайық" МТР, "Казавиақұтқару" АҚ күштері мен құралдарынан 97 адам, 15 техника, 4 мотопомпа жұмылдырылып жатыр". Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша ашық отпен жану ошақтары анықталмағаны, алайда бықсу орындары бар екені де нақтыланады.

Айта кетсек, Атырау облысында қамысты алқапта өрт 7 шілдеде басталды. Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары қамыс өртін сөндіру үшін 7 шілдеде сағат 05:40-та жолға шықты. Ол кезде қызыл жалын 5 гектар қамысты алқапқа таралғаны нақтыланған болатын. Өртті сөндіруде аумақтың сулы-батпақты болуы қиындық туғызып жатқаны хабарланған.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты