Түркістан облысында кене шаққан жасөспірім көз жұмды

Сурет: pixabay
Түркістан облысында кене шағып алған 15 жастағы жасөспірім Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасының хабарлауынша, брифингте санитариялық дәрігерлер Сауран ауданының жас тұрғыны ауру кене шаққан соң медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

"Жыл басынан бері облыста кене шағу жағдайымен 985 адам қаралды. Өкінішке қарай науқастың дәрігерлік көмекке кеш жүгінуі себептен бір жасөспірім бала көрсетілген ем – дом шараларына қарамастан қайтыс болды".Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов

Жыл басынан бері облыста 48 адамға Конго-Қырым қанды безгегі диагнозы қойылып, тоғыз адамда вирустың нақты белгілері анықталған.

Науқастармен қарым-қатынаста болғандар оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынды.

Кенеден келетін қауіпті инфекция Ордабасы, Отырар, Төле би, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындарында анықталған.


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін