Будақтаған қою қара түтін талдықорғандықтарды шошытып жіберді

Сурет: pxhere
Талдықорғанда пластмасса заттардың қалдықтарын қабылдайтын қойма өртеніп жатыр. Будақтаған қою қара түтін жергілікті тұрғындарды шошытып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысы ТЖД-ның мәліметіне сәйкес, 11 шілдеде сағат 16:52-де өрт сөндірушілерге Талдықорғанда Транспортная көшесінде өрт болып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен. Қайта өңдеу үшін шикізат қабылдайтын қоймада макулатура мен пластикалық заттардың қалдықтары өртенген. 

"Оқиға орнында өңірлік ТЖД-ның жеке құрамынан 23 адамы мен 7 техника жұмыс істеп жатыр", деп толықтырды құзырлы ведомство. 

Ал қала көгіне көтерілген қара қою түтін жергілікті тұрғындарды алаңдатып қойды. Әлеуметтік желіде өрттің видеолары пайда болды.

Екі күн бұрын Алматыдағы барахолка базарында тағы өрт болған еді.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

27 қазанда Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы