Рудныйда кішкентай бала ағаштан құлап, жансақтау бөліміне түсті

Сурет: Instagram/gorbol_rud
11 шілде күні кешке Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөліміне 2015 жылы туған бала түсті. Бала ағаштан құлап, басынан ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық аурухана дәрігерлері баланың қазіргі жағдайынан хабардар етті.
"Оған ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегі сынған, миынан қатты соққы алған деген диагноз қойылды. Қазір бала жасанды тыныс алу аппаратында жатыр, облыстық балалар ауруханасы мамандарының кеңесін күтіп отырмыз. Баланың жағдайы тұрақты", – дейді Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері.

Дәрігерлер жазда балалар жиі жарақат алатынын еске салды:

"Құрметті ата-аналар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, олармен аулада, ойын алаңында, жолдарда қауіпсіз тәртіпке қатысты профилактикалық әңгімелер жүргізіңіздер", – делінген хабарламада.


ҚР ДСМ Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының Инфекциялық емес аурулардың профилактикасы департаментінің бас маманы Қуаныш Әлімбетов жазда жоғары температура, ашық терезелер және басқа да себептермен жарақат алу қаупі артқан кезде балаларды қалай сақтандыру керек екенін айтып берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Қазақстанда инфляция қашан 5%-ға дейін төмендейді: Ұлттық банк болжамы

Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Тоқаев ҚТЖ-ны сынға алып, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шарттарын атады