Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Сталкер, Алматы, әйел, қорқыту-үркіту, аңду, ер адам, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 18:48 Сурет: pexels
Алматыда 35 жастағы әйелден келіп түскен арыз бойынша 52 жастағы ер адам ұсталды. Оған аса танымайтын әйелдің ізіне түсіп, ұзақ уақыт бойы аңдыған, яғни сталкинг жасады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алатау ауданының полициясына 35 жастағы әйел арызданған. Оның айтуынша, өзін жақсы танымайтын ер адам ұзақ уақыт бойы мазасын алып, жүйелі түрде қоңырау шалған, қорқытқан және онымен байланыс орнатуын тоқтатпаған. Өз сөзін растау үшін әйел WhatsApp желісіндегі хат алмасулар мен телефон арқылы сөйлескен аудиожазбаларды ұсынған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 52 жастағы ер адамның жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Жауап алу кезінде ол кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Жетісу облысында әйелге пышақ ала жүгірген сталкер сот залында босатылғаны хабарланған. Сот отырысы барысында ер адамның психологиялық ауытқуы бары анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: