Ер адам сүйіктісін аяусыз өлтіріп, төрт күн бойы оның телефонымен хат жазысқан
Сурет: pxhere
Жергілікті SBT Jornalismo басылымының мәліметінше, Карвалью есімді ер адам 35 жастағы Стифани Силвамен бір пәтерде бірге тұрған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, әйелді өлтіргеннен кейін күдікті оның өлімін суицид етіп көрсетпек болған. Сонымен қатар, мәйіттің иісін жасыру үшін ауа баптағышты пайдаланған. Ол мұнымен тоқтамай, марқұмның телефонын алып, оның атынан жақындары мен таныстарына хат жазып, әйел тірі жүргендей әсер қалдыруға әрекеттенген.
Басылымның дерегінше, әйелдің мәйіті бірнеше көрпенің астында жатқан, ал күдікті болса ештеңе болмағандай күн сайын үйден шығып, жұмыс пен жаңа баспана іздеп жүрген. Жағдай төрт күн бойы жалғасқан.
Марқұмның құрбылары әйелдің жазысу мәнері күрт өзгергенін байқап, күмәндана бастаған. Олар оның шынымен өзі екенін растау үшін дауыстық хабарлама жіберуді сұраған. Алайда әйелдің атынан хат жазып отырған Карвалью бұл өтінішті орындаудан бас тартқан.
Көп ұзамай көршілер пәтерден өткір жағымсыз иістің шыға бастағанын сезіп, полиция шақырған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары пәтерден Стифани Силваның мәйітін тапқан.
Белгілі болғандай, полиция келгенге дейін Карвалью бірнеше чемоданын алып, үйден кетіп қалған. Алайда кейін ол ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.