Қызылордада көршісі мен оның анасын пышақтап өлтірген азамат сотталды

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2026 20:32 Фото: Zakon.kz
Қызылордада 49 жастағы ер адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Қаскөйге 34 жастағы көршісі мен оның анасын пышақтап өлтіргені үшін айып тағылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv дерегіне сүйенсек, жантүршігерлік жағдай кәмелетке толмаған жасөспірімнің көзінше болған. Қайғылы оқиға қаңтар айында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тіркелген. Бүгін сот резонанстық іске соңғы нүктесін қойды.

"Сот үкімімен сотталушы Ш ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен 1,5-тармақтарымен, ҚК-тің 107-бабының 2-бөлігінің 8-тармағымен кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің58-бабы 4-бөлігі негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалады. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді", Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілігінің басшысы Ерлан Раушанбекұлы.

Бұған дейін ШҚО-да кәріз құдығында үш жұмысшы газбен уланып қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: