Талдықорғанда қызын ұрып өлтірген әйел мен оның күйеуі сотталды

Талдықорғанда өз қызын өлтірген әйел мен оның күйеуі сотталды. 14 жастағы қызын ұрып өлтіргені дәлелденді. Ер адам өмір бойына, ал әйел 19 жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жасөспірім Карина Дорохина 2023 жылдың күзінде жоғалып кеткен еді. Полицейлер қыздың мәйітін бір жыл бұрын Текелідегі жота маңынан тапқан. Оның денесіндегі көгерген іздерді мамандар бірден байқаған.
Тергеу кезінде марқұм Каринаның өгей әкесі отбасылық жанжалдан кейін оны аяусыз тепкілеп, артынша жансыз денесін көлікке салып әкеткені анықталды. Көп ұзамай, ерлі-зайыпты жасөспірімді өлтіргенін мойындаған, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Айта кетейік, ерлі-зайыптының Каринадан бөлек ортақ үш баласы бар.
"Сот үкімімен өгей әке барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына моральдық өтемақысы ретінде 15 миллион теңге өндіріп алды. Қайтыс болған қыздың анасы барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК 46-бабына сәйкес, әйелге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ".Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі басшысы Нұрсұлтан Орынбасаров
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript