World Money қаржы пирамидасының жетекшілері тергеліп жатыр

Сурет: pixabay
Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті World Money компаниясының өкілдері қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, компанияның міндетті шарттарының бірі 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейінгі қаражатты төлеп, басқа қатысушыларды, соның ішінде WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы тарту болған.

"2023 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде қаржы пирамидасына 130 адам тартылған. Аумақтық департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен компанияның қызметін ерте бастапқы кезеңде тоқтатып, алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік жасады".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ведомство қаржы пирамидасының арбауына тап болған жандар тұрғылықты жері бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуға шақырды.


Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан түркі елдерімен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бөлісуге дайын – Тоқаев

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды