"Ертіс орманы" резерватындағы өртті сөндіруге үш өңірден көмек күші тартылды

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
"Ертіс орманы" орманшылығы территориясындағы өртті сөндіруге Астана, Қарағанды қалалары және Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның жеке құрамы мен техникасы қосымша ат салысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шарбақты ауданына қарасты "Ертіс орманы" қорығында болған орман өртін сөндіруге:

"Оқиға орнында 100-ден астам бірлік техника мен 300-ден астам адам, оның ішінде 5 тікұшақ өртті сөндіруде. Бір тәулік ішінде өрт ошақтарына әуеден 22 рет жалпы көлемі 66 текше метр су төгілді". Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

15 шілдеде сағат 14-30-да Шарбақты ауданында "Ертіс орманы" ММ аумағында орман өрті орын алды.

Жағдайды бақылау және бағалау үшін ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министр, облыс әкімі әуеден шолу жүргізді. 98 квартал ерекше бақылауда, өйткені осы тұста от тез тұтанып кетіп жатыр.

Әуеден жүргізілген шолу қортыныдысы бойынша қызыл жалын жалмаған аудан 850 гектар аумақты құрайды.


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді