Алматыда оқушы қызды жүк көлігі қағып кетті

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 25 шілде күні түсте Алматыдағы барахолка базарында оқушы қызды жүк көлігі қағып кетті: қыздың отбасы жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде болған жайттың бейнежазбасы жарияланды.

"Жүк көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналма жолымен келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік қағып кеткен 15 жасар қыз Алматы қаласындағы Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына шұғыл түрде жатқызылған.

"Бала жол апатынан зардап шекті: қызды Солтүстік айналма жолының бойында жүк көлігі қағып кеткен, соққының салдарынан қыз бірнеше метрге ұшып кетіп, басы асфальтқа тиген. Қабылдау бөлімінде клиникалық-зертханалық зерттеулер мен мамандардың консультациясы жүргізілді".Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Дәрігерлердің айтуынша, қыз жабық бас сүйек-ми зақымын алған, миы шайқалған, қол-аяғы жарақаттанған. Қазір ол Балалар жедел медициналық жәрдем орталығының нейрохирургия бөлімінде ем алып жатыр.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін