Қазнетте Түркістан облысында бір қызды алып қашып, оған қолхат жаздырған видео тарады

Сурет: Zakon.kz/Михаил Ионов
Қазнетте қалыңдықтың күліп қолхат жазып отырған видеосы белсенді түрде тарады. Видео авторы оқиғаның Түркістан облысы, Жетісай қаласында болғанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоның астындағы сипаттамада "алып қашу" қазір жаңа деңгейде өтіп жүргені жазылған. 

"Қазір күйеу жігіттің туыстары "Қалыңдықтың ешқандай талабы жоқ және болмайды" деп қолхат жазып беруін сұрайды. Осындай легализация", - деп жазды автор.


Облыстық полицияның баспасөз қызметі бейнежазба фактісі бойынша дереу тексеру жүргізілгенін нақтылады. 20 жастағы бойжеткен Асықат ауылының 24 жастағы тұрғынына өз еркімен тұрмысқа шыққан.

"Әңгімелесу барысында ол ешкімге шағымы жоқ екенін және ешқандай заң бұзушылықтың жоқтығын түсіндірді.Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды