Ақтөбе облысының тұрғынынан 22 орама есірткі затты тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Ақтөбелік полицейлер 30 жастағы жергілікті тұрғыннан 22 орама есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті орамаларды Telegram әлеуметтік желісі арқылы интернет-дүкеннен сатып алғанын айтқан.

"Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 16,40 гр болатын а-PVP екені анықталады", – делінген хабарламада.

Полицейлер ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында полиэтилен пакетке оралған, ішінде ұнтақ заты бар тоғыз орама тәркіленгенін мәлімдеді.

"Ол зат жалпы салмағы 7,55 гр мефедрон екені анықталды".Ақтөбе облысы полиция департаменті

ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұсталған адам ҰУИ-ға қамауға алынды.

Күдіктінің үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектелуі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды