Ведомство өкілі түсіндіргендей, жас жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы "Су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе сақтамау" бойынша айыппұл салынды.
"Қыздардың ағасы балаларды қараусыз қалдырғаны үшін 412-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.Ерасыл Сайпаш
Ол бұл оқиға жарияланғаннан кейін жалған ақпараттар пайда болғанын жеткізді. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.
"Сонымен қатар жалған ақпарат тарауға қатысты... Дер кезінде құтқарылмады деген ақпарат тарағанын бәріміз білеміз. Полиция да бұл ақпаратты таратқандарға қатысты істі қарап жатыр. Егер олардың әкімшілік кінәсі дәлелденсе, олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады".Ерасыл Сайпаш
24 шілдеде Каспий теңізіне пневматикалық төсенішпен шыққан үш қыз алысқа ұзап кеткен. Оларды іздеу жұмыстарын Ақтаудан 51 шақырым жерде ТЖД, ҰҚК ПС және ДП күштері жүргізді. Іздестіру жұмыстарына "Қазавиапас" тікұшағы тартылды. 25 шілде күні сағат 06:00 шамасында "Қазтеңізкөлікфлоты" ЖШС "Сұңқар" кемесінің экипаж мүшелері жағалаудан 22 шақырым қашықтықта пневматикалық төсенішпен кеткен қыздарды құтқарды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қыздардың денсаулығының тұрақты екенін, оларға медицина көмегі көрсетілгенін айтты.
26 шілдеде қыздарды құтқарғаннан кейін ата-анасы жанжал шығарды. Олар құтқарылған қыздардың барлық видеолары мен фотоларын алып тастауды талап етті.