"Терезеден секіргендер қателесті": ТЖД қызметкерлері Ақкенттегі өрт туралы

Сурет: видеодан скриншот
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков өрт кезінде терезеден секіріп кеткен "Ақкент" тұрғын үй кешенінің тұрғындары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, өрттен 80 адам құтқарылды. Олардың 16-сы - балалар. Өрт сөндірушілер оларды қолында ұстап, алып шыққан.

"Терезеден секірген адамдар қателесті. Сабыр сақтау керек еді", - деді Ерлан Әлібеков 2 тамызда өткен брифингте.

Бұған дейін ол "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру кезінде құтқарушылардың қандай қиындықтарға тап болғанын айтқан еді.

1 тамыз күні Алматыдағы көпқабатты үй "Ақкентте" өрт шықты. Өрттен қашып, адамдар терезеден секірген. Әлеуметтік желіде өрт кезінде түсірілген видео пайда болды. Сағат 17:10-да құтқарушылар оқиға орнына жетті. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1-16-қабаттар аралығындағы электр кабельдері жанып, өрт пәтерлерге тараған. Өртенген үйден 200-ден астам адам эвакуацияланды. Өрт салдарынан 43 адам зардап шексе, бір әйел көп жарақаттан қайтыс болды. Сағат 18:46-да өрт сөндірілді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін