Алматының төтенше жағдайлар департаменті өрт шыққан "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі бұзушылықтар туралы айтты

Сурет: ҚР ТЖМ
2023 жылғы 2 тамызда өткен брифингте Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру кезінде құтқарушылар қандай қиындықтарға тап болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, өрт сөндірушілерге тұраққа қойылған көліктер мен өрт сөндіру техникасына арналған кіреберістің болмауы кедергі келтірген.

"Түтінге қарсы қорғаныс жөнді істемей тұрған. Эвакуациялық баспалдақ алаңдары болған, бірақ есіктерде жабу құрылғылары болмағандықтан түтін тараған", – деді Ерлан Әлібеков.

Ол өрт фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

"Өрт қауіпсіздігі жүйесін күтіп ұстауға тұрғындар да жауапты", – деді Ерлан Әлібеков.

2023 жылғы 1 тамыз күні Алматы қаласындағы "Ақкент" тұрғын-үй кешенінде өрт шықты. Өрттен құтылу үшін адамдар терезеден секірген. Әлеуметтік желіде өрт орнынан түсірілген бейнежазбалар тарады. Сағат 17:10-да құтқарушылар оқиға орнына жетті. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1-16-қабаттар аралығындағы электр кабельдері жанып, өрт пәтерлерге тараған. Өртенген үйден 200-ден астам адам эвакуацияланды. Өрт салдарынан 43 адам зардап шексе, бір әйел терезеден секіргенде жарақат алып, қаза тапты. Сағат 18:46-да өрт сөндірілді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады