Маңғыстауда балықшылар жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты

Сурет: Қарақия ауданының әкімдігі
Каспий теңізі жағалауында жоғалып кеткен 36 жастағы ер адам бірнеше күн бойына іздестірілді. 1 тамызда оның денесін балықшылар тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылар және із-түзсіз жоғалған азаматтың туыстары да жұмылдырылды.

"30 шілдеден бастап Құрық ауылынан 7 шақырымдағы Каспий теңізінің жағалауында ТЖД-ның жедел-құтқару жасағының күшімен балық аулау кезінде жоғалып кеткен 1987 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жүргізілді. Ер адамның мәйіті 1 тамызда сағат 11:50 шамасында жергілікті балықшылар тауып алды", - дейді "Лада" басылымы Маңғыстау облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.


Бұған дейін Маңғыстаудың бес тұрғыны 29 шілдеде Қарақия ауданындағы Құрық ауылына балық аулауға аттанғаны хабарланған болатын. Таңертең ер адамдардың біреуі жоқ екені анықталды. Сонымен бірге оның заттары жағалауда жатқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды