Абай облысында орманнан тағы өрт шықты

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысындағы "Семей орманы" территориясында тағы да өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"4 тамызда сағат 15:30-да ТЖМ-ның Абай облысындағы бөлімшесіне "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының территориясында от шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртті жедел жоюға жәрдем көрсету мақсатында оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу аттанды", делінген хабарламада.

Әуеден барлау және су төгетін құрылғыны қолдана отырып, өртті сөндіру үшін ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшақтары оқиға орнына аттанғаны да нақтыланады. 

Қазіргі уақытта ТЖМ мен орман шаруашылығынан тартылған күштері мен құралдарының саны шамамен 130 адамды және 25 техниканы құрайды.

"Оқиға орнына қосымша көмек күші ретінде Астана және Қарағанды облысынан төтеншеліктер күштері мен техникасын тарту мәселесі қарастырылуда", деп нақтылайды ведомстводан.

Резерваттың алдын-ала ақпараты бойынша, өрт алаңы шамамен 15 гектарды құрайды.

Төтеншеліктер халықты өрт қауіпі кезеңінде өте сақ болуға  шақырады.

Айта кетсек, маусым айында Абай облысында орман өртеніп, 60 мың гектар жасыл желек жарамсыз болып қалды.

Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды