Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды

Сурет: Zakon.kz
5 тамыздан бері іздеуде болған 18 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны адам қолынан қаза тапқаны белгілі болды. Оның денесі жертөледен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Шымкент қаласы полиция департаментінің 8 тамыздағы мәліметі бойынша, бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді.

Шымкентте әпкесімен уақытша тұрып жатқан 18 жастағы қыз жоғалып кеткені туралы арыз полицияға 5 тамыз күні түскен. Қыздың ағасының айтуынша, қарындасы 4 тамыз күні үйден шығып, қайтып оралмаған. Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыз іс-түссіз жоғалып кеткені жөнінде хабарландыру таратылды.

"8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-ға туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады", – делінген полиция хабарламасында.

Қызды өлтірді деген күдікпен туған жездесі ұсталып, УҰИ-ға қамалды.

"ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр".Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Шымкентте 18 жастағы колледж студенті жоғалып кетті.


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді