"Балмұздақ әперіп, көңілін көтерген": Желі қолданушылары полицейдің әрекетіне тәнті болды

Сурет: unsplash
Казнетте полиция қызметкерінің адасып қалған кішкентай қызға көмектескен сәтінен түсірілген видео тарап жатыр. Кадрлардан полицейдің әлі сөйлей алмайтын қызды жетектеп жүргенін, балмұздақ әпергенін көре аламыз.

Осы видеоны TikTok-та 360 мыңнан астам адам қараған. Патрульдеу бойынша қызметін атқарып жүрген полицей Нұрсұлтан Әбдіқадыр бағдаршамның қасында кішкентай қыздың жалғыз өзі тұрғанын байқаған. Қыздан ата-анасы туралы сұрағанда бүлдіршіннің былдырлап, тілі анық шықпағанын байқаған. 

Оның адасып қалғанын түсінген полицей бірден басқа әріптестеріне хабарлап, ата-анасын іздеуді бастаған. Сол кезде Нұрсұлтан қыздың көңіл-күйі түскенін байқап, оған балмұздақ алып берген. Сонымен қатар ата-анасын тез тауып беруге уәде берген.


"Сәлден кейін қыздың анасы табылып, бүлдіршін отбасына табысталды. Тәртіп сақшысы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрғындар тыныштығын сақтау парызы екенін айтты", - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз