Қаскелеңде жаңа босанған әйел перзентхана терезесінен секіріп кетті

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында 37 жастағы әйел аудандық аурухана перзентханасындағы жансақтау бөлімінің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 2023 жылғы 10 тамызда болған.

Оқиғаның мән-жайын ШЖҚ "Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" КМК әкімшілігі баян етті.
"Босанған әйел медицина қызметкерлерін итеріп жіберіп, үшінші қабатта орналасқан перзентхананың жансақтау бөлімінің терезесінен секіріп кетті", – деп нақтылады олар.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, әйелдің жасы 37-де екен.

"Босанғаннан кейін төртінші күн жансақтау бөлімінде болды, босанғаннан кейінгі психоздың әсерінен тосын мінез көрсетіп, емделуден бас тартты", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оны барлық арнайы мамандар: анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, травматолог, хирург тексерді.

"Барлық қажет тексерулер жүргізілді, ол толық көлемде ем қабылдап жатыр", - деді медициналық мекеме өкілі.

Бүгін Астанада екі баласымен 9-қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды. 24 жастағы келіншек отбасындағы жанжалдан кейін терезеден секіруге бел буған.
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды