Сот сараптамалары орталығы берген ақпаратқа сай видео 2021 жылы түсірілген.
"Аталған мәйітхана ғимараты Жетісу облысы бойынша сот сараптамалары институтына тиесілі. Алайда танылмаған және талап етілмеген мәйіттерді жерлеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Сот сараптамалары институтының қызметкерлері мәйіттерді жерлеу (мәйітті жуу, қырындыру) және мәйітті орауды ғана жүзеге асырады", - делінген хабарламада.
Видеода "Пятый регион" ЖШС қызметкерлері түсірілген деп қосты ведомство.
"Аталған видеода танылмаған және талап етілмеген мәйіттерді жерлеу жұмысын Талдықорған қаласы әкімдігі мен "Пятый регион" ЖШС арасындағы келісімшарт бойынша жүзеге асырып жатқан "Пятый регион" ЖШС қызметкерлері. Олардың Жетісу облысы сот сараптамалары институтының қызметіне ешқандай қатысы жоқ".Сот сараптамалары орталығы