Алматы – Екатеринбург тас жолында жол апаты болып, үш адам қаза тапты

Сурет: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Қарағанды облысында жол апаты болып, салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сурет: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Қарағанды облысы полицейлерінің мәлімдеуінше, 15 тамызда Ақсу-Аюлы кентінен 50 км қашықтықта орналасқан Алматы – Екатеринбург автожолында Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Ал Chevrolet көлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Сурет: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция өкілдері бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

ТЖМ жер сілкінісі туралы мәлімет жариялады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін

Алматыда жер сілкінді