"Есікті іштен бекітіп алған". Қарағандыда сауда үйінен ер адамның денесі табылды

Сауда үйі, Қарағанды, ер адам, денесі, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 18:48 Сурет: magnific
Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен 40 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ekaraganda.kz сайты Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып, қайғылы оқиғаның 2026 жылғы 16 қарашада болғанын жазады. Қазіргі уақытта өз-өзіне қол жұмсау нұсқасы қарастырылып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, алдымен техникалық қызметкерлер сауда үйінің екінші қабатында орналасқан ана мен бала бөлмесіне кіре алмай, күзетшілердің көмегіне жүгінген.

Сағат 18:00 шамасында есікті ашқан қызметкерлер ер адамның жансыз денесін тапқан. Олар бұл азаматты бірнеше күн бұрын да сауда үйінің ішінен байқағанын және оған бірнеше рет ғимараттан шығуды өтінгенін жеткізген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, 2026 жылғы 16 қарашада Ақтөбеде де Нұрлы таң көшесінен ер адамның денесі табылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: