Талдықорғанның авиациялық базасында төтенше жағдай болып, бір әскери қызметкер қаза тапты

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 15 тамызда Талдықорғанның авиациялық базасында төтенше жағдай болды. Бұл жөнінде ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми хабарлама қорғаныс ведомствосының Telegram арнасында жарияланды:

"2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кетті. Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр".

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды