Башқұртстанда жасөспірім пәтер терезесінен оқ атқан

Сурет: freepik
Уфада 15 жастағы жасөспірім пәтер терезесінен оқ жаудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім рұқсатсыз әкесіне тиесілі пневматикалық тапаншаны алып, Гагарин көшесіндегі үйлердің бірінің балконынан оқ атқан. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары оқ атылған кездегі дыбыс қай пәтерден естілгенін анықтады.

"Полиция қызметкерлері пневматикалық қаруды тәркілеп, сараптамаға жіберді. Тексеру жүріп жатыр. Қорытындысына сай процессуалдық шешім қабылданады", - деп жазды Telegram-дағы Башқұртстан ішкі істер министрлігінің жаңалықтары.

Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, бала пәтерден жалпы тамбурға шығып, іші пысқаннан атқанын айтқан. Көршісінің айтуынша, жасөспірім балабақшаға қарай оқ атқан.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады