Шымкент шенеуніктері 4,8 млрд теңгелік мемлекеттік сатып алуды конкурссыз өткізбек болған

Сурет: Facebook/Дәурен Ерғарин
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкентте шенеуніктердің ірі мемлекеттік сатып алуды конкурссыз өткізу әрекетінің жолын кесті. Қалалық жайлы орта басқармасының бұрынғы басшысына айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы төтенше жағдайлардың салдарын жою тәсілімен "Бадам" өзенінің жағалауын бекіту жұмысын конкурссыз 4,8 млрд теңгеге тікелей сатып алуды жоспарлаған.

"Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша тапсырыс берушімен бір көзден сатып алу әдісі рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсіліне өзгертілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар осыған ұқсас тағы екі лот бойынша сатып алу тәсілін негізсіз таңдағаны үшін уәкілетті орган қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бұрынғы басшысы Е.Жолдасовты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады