Қазақстанда 300 млн теңге жеңілдетілген несие ұрланды

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 10:21 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында "Кең дала – 2" бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бөлінген несие қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы мамырда "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалы мен "Рашан" ЖШС арасында айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз беру туралы келісім жасалған. Келісім бойынша міндеттемелердің орындалуына "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ кепілдік берген.


"Келісім талаптарына сәйкес, "Рашан" ЖШС шотына 300 млн теңге көлемінде қарыз қаражаты аударылған. Кейін бұл ақша егіс науқанына жұмсалатын шығындарды өтеу түрінде екі серіктестік арасында бөлінген. Атап айтқанда, шамамен 148 млн теңге тұқым сатып алуға, тағы 152 млн теңге ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға, соның ішінде жанар-жағармай мен еңбекақы шығындарына аударылған", – деп хабарлады ҚМА 2026 жылғы 21 қыркүйекте.

Алайда іс жүзінде тұқым сатып алынбаған, техника жалға алынбаған және көрсетілген жер телімдеріне ауыл шаруашылығы дақылдары егілмегені анықталды.

"Рашан" ЖШС директоры күдікті деп танылды. Сот санкциясымен оның активтеріне тыйым салынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға және селекциялық жұмыстар жүргізуге бөлінген 103 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: