Полиция домофондарды ауыстыру туралы WhatsApp-тағы хабарламаны түсіндірді

Сурет: Zakon.kz
Полиция WhatsApp желісінде тарап жатқан домофонды ауыстыру туралы хабарламаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының мессенджерлерінде QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландырудың фотосы тарап жатыр. Полиция бұл хабарламаның жалған екенін айтып, ескертті.

"Әлеуметтік желілерде желі қолданушылары домофонды ауыстыру туралы басқарушы компаниялардың бірінің хабарландыруын таратып жатыр. Таратылып жатқан хабарландыру - анық емес ақпарат. Осы сияқты хабарландыруларда көрсетілетін QR-кодтарды сканерлемеңіздер және күмәнді сілтемелерге кірмеңіздер. Адамдардан тек ресми ақпаратқа сенуді не болмаса домофонды жөндеумен айналысатын қызмет көрсетуші компанияларына хабарласуын сұраймыз, — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Айта кету қажет, осыған ұқсас хабарландыру кейінгі уақытта көрші елдердегі желі қолданушыларының арасында, атап айтқанда, ресейлік пабликтерде және ВКонтакте желісіндегі қауымдастықтарда да белсенді тарап жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды