Алматыда құлаған ағаш көліктің алдыңғы әйнегін тесіп өтті

Сурет: Ирина Медникова/Facebook
Алматыда құлаған ағаш көліктің алдыңғы әйнегін тесіп өтті, сондай-ақ тағы бір көлікке зақым келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Алмалы ауданында Шәріпов-Құрманғазы көшелерінің маңында орын алды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары хабарлады.

Кейін қалалық ТЖД аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

"24 тамызда сағат 13:05-те оқиға орнында болған адамдардан Алмалы ауданында Әди Шәріпов көшесінің бойында 120 үйдің жанында Kia Rio, Chevrolet Cobalt маркалы екі автокөлікке ағаш құлағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына тазарту жұмыстарын жүргізу үшін Алматы қаласы әкімдігінің 109 құтқару қызметінің жұмысшылары жіберілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді төтеншеліктер.


Автокөлік иелеріне келтірілген залалды кім өтейтіндігі нақтыланбады. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды