"Менің де көңілім қалды": Тамара Дүйсенова Астана жәрмеңкесіндегі талас туралы айтты

Сурет: akorda.kz
29 тамызда үкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Тәжікстан жәрмеңкесіндегі астаналықтардың өзін ұстау әдебі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер министрден астаналықтардың тәжік жәрмеңкесінде жеміс-жидек пен көкөністерді алып кеткендегі тәртібіне баға беруін сұрады.
"Шынымды айтсам, менің де көңілім қалды", – дейді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, қазақстандықтар әрқашан мәдениетті әрі толерантты болып ерекшеленеді.

"Біз әрдайым өзімізді ұстай білдік. Елімізде бәрі жаман деп айта алмаймын. Ол жерде болғандар бүкіл Қазақстан азаматтары емес қой. Кейбірі ғана. Өзімізбен жұмыс істеу керек шығар. Мұндай мінез-құлық бізде ғана емес, басқа елдерде де бар. Біз қазақстандықтар еліміздің имиджі үшін жауапты екенімізді түсінуіміз керек", - деп түйіндеді министр.

28 тамызда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек полицияға бұзақылық және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жол берген тұлғаларды анықтау тапсырылғанын айтты. Оның айтуынша, олар жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Алматыда жеке клиникада баланы сүндеттеген дәрігердің ісін арнайы комиссия қарамақ

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Электрондық құжаттарды пайдалану қағидалары жаңартылды