Оралда көп қабатты үйден өрт шығып, екі адам қаза тапты

Оралда түнгі өрт екі адамның өмірін қиды. Өртеніп жатқан ғимараттан 45 адам құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 31 тамызда сағат 05: 19-да Орал қаласы , Есенжанов көшесі, 1/1 мекенжайындағы үйден өрт шыққаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатында қосалқы үй-жай өртенгенін анықтады. Өрт шамамен 60 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндірушілердің күшімен 18 адам , оның ішінде 2 бала құтқарылды, 27 адам , оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Пәтерлердің бірінен жану өнімдерімен улану белгілері бар 1973 жылы туған ер адамның денесі табылды, сондай-ақ 1979 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Ал 1965 және 1937 жылы туған екі адам орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен улану диагнозымен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің 68 өрт сөндірушісі мен 20 бірлік техникасы жұмыс істеді.

Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнында өрт сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.




Орал
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: