5 қыркүйекте департамент таратқан мәлімдемеде:
"4 қыркүйек күні сағат 20.00 шамасында Кеңқияқ, Сарыкөл, Шұбаршы ауылдарының тұрғындарынан газдың өткір иісіне қатысты шағым түсе бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, "Шұбаршы" газ тарату стансасының толық тоқтап қалуы салдарынан жөндеуді жоспарлы тоқтату жүргізілді. Газ клапанын ауыстыру бойынша жөндеуден кейін ережеге сәйкес жүйеге қатты иісі бар "Одарант" газы енгізіледі".
Сонымен қатар жергілікті тұрғындардан арыз-шағым түскен соң "Техногаз" ЖШС мамандары Кеңқияқ және Саркөл ауылдарының тұрғын үйлерін аралап шыққаны айтылды. Тексеру кезінде газдың шығуы анықталмағанына қарамастан, Кеңқияқ ауылының 8 тұрғыны газдан улану белгілерімен ауруханаға жүгінген.
"Қазір барлығына алғашқы медицина көмегі берілді. Денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Басқа зардап шеккендер жоқ".Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша Экология, СЭС және Төтенше жағдайлар департаментінің тиісті қызметтеріне дер кезінде хабарланды.
"Жағдай бақылауда", - деп қорытындылады ведомство.