Алматының бизнес орталығындағы атыс: зардап шеккендердің жағдайы қалай

Сурет: primeminister.kz
3 қыркүйекке қараған түні Алматының орталығында атыс болды. Бизнес орталығында орналасқан мейрамханаға келген екі адам зардап шекті. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бөлімдегілер Орталық қалалық клиникалық ауруханаға екі науқас түскенін түсіндірді.

"Бірінші науқастың басында жарақаты, маңдай сүйегінде сынығы бар. Сол аяғына оқ тиген. Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Басына ота жасауға дайындық жүріп жатыр".Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Дәрігерлер оның жағдайы қазір тұрақты екенін айтты. Екінші науқас ауыр жағдайда іш қуысына оқ тиген жарақатпен түсті.

"Ауыр дәрежедегі құрсақішілік қан кету. Постгеморрагиялық ауырсынатын шок. Оң қолдың аймағында оқ жарақаты бар. Ішек тұтастығын қалпына келтіру және іштен қан кетуді тоқтату үшін шұғыл операция жасалды", - деп атап өтті ведомство.

Мамандардың айтуынша, екінші науқас хирургия бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр және тұрақты.

Бұған дейін қалалық полиция күдіктілердің бірі ұсталғанын хабарлаған. Қалған қатысушылар анықталып, жауапқа тартылады. Оқиғаның куәгерлері атысты бетперде киген төрт адам жасағанын айтты. Қазір тәртіп сақшылары аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел іс-шара жсап жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз