Астана тұрғындары электродабылдардың дауысын естиді

Сурет: unsplash
5-7 қыркүйек аралығында "Қорғау-2023" республикалық штабтық жаттығуы өтеді. Соның аясында 6 қыркүйекте алдын ала болжам бойынша 09 caғат 00 минутта теле-радио арналарды қамти отырып, электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі.
"Кымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, 5-7 қыркүйек аралығында "Қорғау-2023" республикалық штабтық жаттығуы өтеді. 6 қыркүйекте алдын ала болжам бойынша 09 caғат 00 минутта теле-радио арналарды қамти отырып, электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі. Эвакуациялық іс-шаралар - Қазақстан халқын, объектілерін және аумағын қорғау бойынша азаматтық қорғаныстың маңызды іс-шараларының бірі. Осы мақсатта, елорда аумағында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда эвакуацияланатын халықты жинауға, тіркеуге және жөнелтуге арналған 111 құрама эвакуациялық жинау пунктері анықталды.Астана ТЖД

Осылай "Қорғау-2023" республикалық штабтық жаттығуы шеңберінде 2023 жылғы 5 қыркүйекте Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ЭЖП әкімшілігімен бірлесіп, № 4, 6, 48, 69, 85 мектеп және колледж базасында құрылған № 12, 32, 58, 64, 70, 77 эвакуациялық жинау пунктерінін өрістету бойынша көрнекі жаттығулар ұйымдастырылды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды